Электр зарядтау станциялары (ЭЗС) инфрақұрылымы дамуының қазіргі қарқынын ескерсек, 2030 жылға қарай Қазақстанда бір ЭЗС-ға 25 электркардан келуі мүмкін. Бұл туралы Tengri Auto тілшісіне MYCHARGE зарядтау станцияларын дамыту жөніндегі жоба жетекшісі Илья Аспедников әңгімеледі.
Мұндай көрсеткіш, атап айтқанда, бір қоғамдық зарядтау станциясына шаққандағы электрмобильдер саны нарықтың жаңа энергия көзімен жүретін автокөліктерге дайындық деңгейін көрсетеді екен. Сарапшының айтуынша, бүгінгі таңда орташа әлемдік тренд 10 электркарға бір ЭЗС-ны құрайды. Бұл ретте қазір Қытайда бұл көрсеткіш 5-ке 1, ал Германияда 25-ке 1 деңгейінде тіркеліп отыр. 2024 жылдың басындағы жағдай бойынша Қазақстанда бір қоғамдық зарядтау станциясына шамамен 40 электрмобильден келеді.
Қазақстанда электрмобильдердің болашағы бар ма? Энергетика министрлігі жауап берді
«Қазақстан қазір электр зарядтау станциялары нарығының белсенді өсуін бастан кешіп отыр. Бұл процесс мемлекеттік деңгейде де, жеке тұлғалардың бастамаларымен де жүріп жатыр. Заңнама электрмобильдер мен электр зарядтау станцияларын экономиканың жеке секторы ретінде бөлу арқылы өріс алып келеді. Көптеген ойыншылар, шағыны да, ірісі де нарыққа өз желілерімен шығып жатыр,» - деп түсіндірді Аспедников.
Көлік тұрақтарында электркарлардың зарядтау құрылғыларын орнатудың жаңа ережелері қазақстандықтардың ашуын келтірді.
Оның ойынша, Қазақстанда электр зарядтау станцияларының инфрақұрылымын дамытуды тежейтін негізгі факторлар электрмен жабдықтау желілерінің сапасы және нормативтік және заңнамалық базаның жетіспеушілігі болып қала береді. Электр желілерін жаңарту және қайта салу жұмыстары жүріп жатыр, алайда қаланың кейбір жерлерінде, әсіресе қалалар арасындағы автокүрежолдарда жылдам зарядтау станцияларын қосу әлі де қиын.
Қазақстандықтар электрмобильдерге қашан ауысады: сарапшылардың пікірлері
Бұған дейін «ҚазАвтоЖол» компаниясының басқарма төрағасы Дархан Иманашев Қазақстан тасжолдарында электр зарядтау станциялары орнатылатын мерзімдерді атап өткен болатын. Оның деректері бойынша, бүгінгі таңда 150 электр зарядтау құрылғысы орнатылған, соның ішінде 50-ге жуық данасы республикалық маңызы бар автожол бойында орналасқан.
және біз сізге қайта қоңырау шаламыз